Шұғылалы көктемнің алғашқы мейрамы 1 Наурыз "Алғыс айту" күні құтты болсын! Адамзат баласын жақындастыратын құнды қасиет – адамгершілігі. Адамгершілігі мықты жанның әркезде де өзгелерге көмектесіп, алғыс алуы анық. Бір-біріне алғыс айту арқылы араларындағы сүйіспеншілік пен махаббатты нығайта түседі. Бұл мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың достығы мен бір-біріне деген құрметін арттыру. Бүгінгі тамаша сәтті пайдалана отырып, Жаратқанға, Ата- анамызға, бауырларымызға, отбасымызға, туған- туыс, дос- жаран, көрші- қолаңға, әріптестеріме өз алғысымды білдіремін! Төрт көзіміз түгел, бауырымыз бүтін болып, мерекеден мерекеге аман- есен жете берейік! Шаңырақтарыңыздан шаттық пен қуаныш кетпесін! Көктемнің алғашқы бәйшешегіндей құлпырып, жайнап, жадырап жүре беріңіздер!!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!!!!
