Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Қаратөбе ауылы
21”Аққайың”бөбекжай бақша КМКҚ
«Менің әкем – полиция қызметкері» тақырыбында сұхбат
Бөбекжай-балабақшамызда «Менің әкем – полиция қызметкері» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Іс-шараға ауылымыздың полиция қызметкерлері Жаңақорған АПб –ның ҚҚб –ның УПИ-ры полиция копитаны Б Жусипалиев және моиор Бейсенов Қажымұхан арнайы қонақ болып келді.
Кездесу барысында қонақтар балаларға полиция қызметінің маңызы, тәртіп сақтаудың қажеттілігі және қауіпсіздік ережелері туралы және жұмыс барысындағы қиында, қызықты әңгімелерін айтып берді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды сұхбатқа қатысты.
Іс-шара балалардың патриоттық сезімін оятып, мамандыққа деген құрметін арттырды. #мамандықтарментаныстыру 2026